Қазақстандық алтын өндіруші компаниялар жаңа жұмыс орындарын ашып, өнімді сату нарығын  кеңейтуде. 8 жылдан бері елімізде жұмыс істейтін ірі тау-кен компанияларының бірі 2014 жылы солтүстік-шығыстағы «Қызыл» алтын кен жобасын сатып алған болатын. Ол еліміздің тау-металлургия саласындағы маңызды жобалар қатарында. Оған Бақыршық және Большевик кен орындары еніп отыр. Бағытталған қаражат мөлшері – 300 млн доллар шамасында. 2018 жылы бұл жерде кен өндіріле бастамақ. Ал келер жылдың үшінші тоқсанында алғашқы концентрат алынады.

 

ҚАНАТ ДОСМҰҚАМЕТОВ, ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- «Қызылда» өндірілетін концентраттың 50 пайызын Қытайға жөнелтетін боламыз. Бұл Ресей мен Қазақстан үшін жаңа нарық деуге болады. Ал өнімнің жартысын Амур гидрометаллургия комбинатына жібереміз. Бұл концентраттан алынған қорытпа біздің аффинаждық зауытымызда қайта өңделетін болады.

Варваринское кен орнының базасындағы алтын өңдеуші хаб компанияның маңызды жобалары қатарында. Оның құрамына карьер мен қуаттылығы жылына 4,2 млн тонна болатын заманауи фабрика кірген. Биыл  өндірілетін алтын көлемі 40 пайызға көп болады-дейді кәсіпорындағылар.

 

ҚАНАТ ДОСМҰҚАМЕТОВ, ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Өткен жылы Варваринское фабрикасында 2,4 млн тонна алтын өндірілді. Ал биыл болса,  3 тонна 800 келі алтын өндіруді көздеп отырмыз. Өйткені құрамы бай кен қолданылатын болады.

Жер қойнаулары жөніндегі жаңа заң қабылданса, Қазақстанның тау-металлургия саласы ТМД елдерінде көш бастамақ,-дейді маман. Бұл тұста қордың халықаралық стандарттарға сай «Крирско» бағалау жүйесіне көшуі оң нәтиже береді деп болжануда. Мұндай жаңашылдықтар, өз кезегінде, елімізге келетін жаңа компаниялардың санын арттырмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер