Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің іскерлік кеңесі құрылды. Бұл жайында екі елдің бизнес форумы аясында белгілі болды. Жиын барысында бизнесмендер әріптестік жөніндегі екі келісімге қол қойды. Қазіргі таңда елімізде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің  200-ден астам бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Негізінен ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-металлургия салаларында. 

 

НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Арабтардың да қарастырып жатқаны, әсіресе, тамақ өнеркәсібі жағынан Қазақстанда бірқатар кәсіпорындар ашып, осы жақтан Қытайға сол өнімдермен шығу. Бұл жерде логистика жағы үлкен бір мәселе. Біраз өнімдерді қарайтын болсақ, біразы сол жаққа тасымалданады. Өткен жылы біздің кәсіпкерлер қой да тасымалдай бастады.

Соңғы 2 жылда Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 3 есеге артқан. 375 млн доллар шамасында. Тауар айналымының көлемі бойынша Әмірліктер Таяу Шығыс елдері арасында көш бастап тұр. Алайда әріптестікті нығайту мүмкіндіктері әлі де зор. Кездесу барысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек араб бизнесіне Қазақстанда өндірістер құру туралы ұсыныс жасады.

 

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРI:

 - Бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан аумағында өндірістерді орналастыру мүмкіндігін ұсынамыз. Осы орайда бұл өндірістердің өнімдерін Еуроодақтың, Қытайдың, Орталық Азия елдерінің, Таяу Шығыстың нарықтарына шығаруға болады.

«Қазақстан 180 млн халықты қамтитын Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылады. Оның сыртқы сауда айналымы 1 трлн. АҚШ долларын құрап отыр»,-деді министр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер