Қазақстандық шаруалар ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдануда. Алматы облысында италиялық мамандардың қатысуымен жаңғақ өсіру қолға алынды. Алғашқы көшеттер Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында жиырма гектар жерге егілді. Италиялық ғалымдар топырақтың құнары, судың сапасы мен табиғат ерекшелігін мұқият зерттеген. Нәтижесінде, көктемде үсік жүре қалған жағдайда шыдайтын жаңғақ түрлері егілді.

 

ДЖУЗЕППЕ КАЛЬКАНИ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАҢҒАҚ ӨСІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл –интенсивті бақ. Бір гектарға 250 грек жаңғағы, 550 тау жаңғағы отырғызылады. Тамшылатып суару әдісін қолданамыз. Сапалы әрі мол жаңғақ жинауға мүмкіндік мол. Ал, дәстүрлі жаңғақ бақтарының бір гектарына бар жоғы 90 ағаш егіледі.

 

СЕРГЕЙ ТЕРЕЩЕНКО, ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖИДЕК ӨСІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстанда миллион гектар жерге осы жеміс ағашын өсіруге болады. Қытай, Үндістан, Араб елдерінің нарығына шығара аламыз. Ішкі нарық және бар. Жаңғақ экспортынан 30 миллиард доллар табыс табуға болады. Қазір біз «Жаңғақ-2050» бағдарламасын дайындап жатырмыз. Өзіміздің қауымдастығымызды құрдық.

 

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орманшылары бір күнде 1 мың 250 түп грек жаңғағын отырғызды. «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің қорықшылары Жалалабад сұрпын өздерінің арнайы тұқымбағында өсірген. Мемлекеттік табиғи парктің даму бағдарламасы аясында ашылған тұқымбақтарда 2 миллионнан астам көшет әзірленген.

Жалпы биыл облыс аумағында 1 мың 500 гектар жерге интенсивті бақ отырғызу жоспарланған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер