Шет мемлекеттерден Қазақстанға тартылған инвестиция мөлшері 27 пайызға көбейген. Үстіміздегі жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша көрсеткіш осындай. Бұл – елімізде инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, визалық саясатты оңтайландыру, экономикалық дипломатияны күшейтудің нәтижесі. Дипломатия демекші, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Қытайға сапары барысында бірқатар ірі инвестициялық келісімдерге қол жеткізілді. Аспан асты елінің инвесторлары «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ портының қызметіне қаржы құйды.

 

ҚАНАТ АЛПЫСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМIР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Әлемдегі жетекші компания «Коско Шиппинг Лайнсты» тарту бізге контейнерлік тасымалды арттырып, 2020 жылға дейін жылына 2 млн.контейнерлік жүкті өткізу туралы Мемлекет басшысы тапсырмасына сай келеді. Біздің ойымызша жобаны бірлесіп атқару еуразиялық құрлықтағы логистикалық құрылымға үлкен өзгеріс әкеледі.

 

Бұл келісім Елбасының инфрақұрылымдық жобаларға трансұлттық, әлемдік деңгейдегі үлкен компанияны тарту жөніндегі тапсырмасына сай атқарылды.

 

СЮ ЛИЖУНЬ, COSCO КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз Қазақстан темір жолы мен Ляньюньган портымен бірлесіп, «Қорғас-Шығыс қақпасын» Қытай - Еуропа бағытындағы негізгі хабқа айналдыруды көздеп отырмыз.

Ал Макао инвесторлары Қазақстанда сабан өңдейтін зауыт салмақ. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытайлық CITIC Geyi Biorefineries (СИТИК Джей биорефайнерИс) компаниясы арасында осындай жоба туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта бидай сабағын өңдеп  және одан қағаз, тыңайтқыш, биогаз өндіретін зауыт жобасы қарастырылған.

 

ДЭВИД ЧОУ, CITIC GEYI BIOREFINERIES ӨКІЛІ:

 - Зауыт күніне 35 мың тонна  тыңайтқыш өндіреді. Оны толықтай жергілікті ауылшаруашылығында қолдануға болады. Жоба Қытайдағы қағаз өңдейтін зауыттан 5 есеге үлкен. Сондықтан әлемдегі ең ірі жобаның бірі болмақ. Біз оған 3  миллиард доллар инвестиция құямыз деп жоспарлап отырмыз. Қоршаған ортаға зияны жоқ және толықтай автоматтандырылады. Бастысы біз агроөнеркәсіптегі қалдықты пайдаға жаратамыз. Жоба жүзеге асса 500 ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер