Мұнай-газ саласында қазақстандық үлес артады. Еуропаның қайта құру және даму банкі мен Теңізшевройл шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бірлескен жобаны қолға алды. Бағдарлама аясында 18 отандық компания халықаралық стандарттарды енгізуден бастап, тауарды экспортқа шығаруға дейінгі мәселелер бойынша кеңес алып үлгерген. Жобаға «Теңізшевройлдан» 500 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражат бөлінді.

 

АЛМА ҚАСЫМОВА, ЕУРОПАНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біз кеңесшіні таңдап, міндеттерді айқындауға қолдау көрсетеміз. Кеңесші мен клиент баға мен техникалық тапсырманы өздері келіседі. Бір жоба үшін бір компания 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі грант ала алады. Мәселен, жоба құны 20 мың АҚШ доллары болса, ЕҚДБ оның тең жартысын қаржыландырады. Бұл қайтаруды қажет етпейтін сома.

 

РЗАБЕК АРТЫҒАЛИЕВ, «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫ  БӨЛІМІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 - Екі ортадағы контракт осы ақшаны игергенше дейін болады. 2 жылға болатын. 2015 –те жасалған контракт. Ақшаны 60 пайызы иегерілді. Жылдың аяғына дейін жергілікті мекемелермен өз жұмысын соларды дамыту үшін жұмыс жасайды. Пилоттық проект болды. Тағы да жалғастырамыз деген ой бар.

 

Қазіргі таңда сатып алынатын тауарлар мен қызметтер көлемінің 32 пайызын жергілікті үлес құрайды. Тиісті министрлік пен компания бұл бағытта нақты талаптарды қолданбақ. Яғни құрылыс пакетіндегі қазақстандық үлестің мөлшерін кем дегенде 50 пайызға жеткізу көзделуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер