Қазақстан мен Бельгияның парламентаралық ынтымақтастығы тереңдей түсті. Еліміздің Сенат және Мәжіліс депутаттары Брюссельге жұмыс сапарымен барып, бельгиялық әріптестерімен кездесті. Делегацияны Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев басқарып барды. Тараптар саясат, инвестиция, сауда, экономика және қаупсіздіқ салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Бельгиялық депутаттар Қазақстанның халықаралық аренадағы ролін жоғары бағалады.

 

АЛАН ДЕСТЕКС, БЕЛЬГИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Біз екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Саяси және экономикалық серіктестігіміз жақсы деңгейде және одан әрі дамып келеді. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру жолдары туралы, және терроризм және экстремизммен күресте де ынтымақтастықты арттыру бағытында пікір алыстық.

 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Жалпы енді Бельгия инвестиция жағынан Қазақстанда бесінші орында екен, шетелдік инвестицияның келуінің көлеміне байланысты. Сондықтан енді осы мәселелерді сонымен қатар Парламенттегі қарым- қатынастар дамыту мәселесің, сосын мына терроризм бар, басқа мәселелерге байланысты сол енді күшті біріктіру мәселесімен бүгін енді талқылап отырмыз. Сонымен қатар, енді зан шығару жүмысына байланысты ендң тәжірибе алмасу мәселесі да көтеріліп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер