Инвестиция тарту бойынша ұлттық стратегия шетелдіктерге таныстырылды. Тиісті құжатты маусым айына дейін Инвестициялар және даму министрлігі  толық пысықтаудан өткізуге тиіс. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, стратегияда тұрақты инвесторлармен байланысты нығайтуға баса көңіл бөлінбек.  Тиімді бағыттар мен инвестициялық тартымдылығы жоғары салалар да анықталатын болады. Сондай-ақ, ұлттық стратегияға сәйкес аймақтарды дамытуға басымдылық берілмек. Өйткені басты жобалар өңірлерде жүзеге асырылады,- деді Премьер-министр.

 

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Елімізге келуге ниетті инвесторлар осы жерде жұмыс жасап жатқан инвесторларға жасалған жағдайға қарайтын болады.  «Қазақстанға инвестиция бағыттау қаншалықты тиімді?» деген сауалға жауап іздейді.  Сондықтан біз елімізде жұмыс істеп жатқан инвесторларға қолайлы  жағдай жасауға тиістіміз. Олардың тапқан табыстарын қайта инвестициялап, ары қарай дамуға қолдау көрсетуіміз керек.

 

Сондай-ақ,  «Kaznex Invest»  АҚ жанынан  инвестициялар жөніндегі «Кazakh Invest»  мамандандырылған ұлттық компаниясы құрылмақ.  Ол трансұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар арасында келіссөз жүргізуші қызметін атқаратын болады. 

 

МАҚСАТ ҚАБАШЕВ, «KAZAKH INVEST» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Екі бағдар бар. Бірінші – тиімділікті көздейтін инвесторларға көмек беру. Бизнес жобаларды іске асыру. Екіншіден, жаңа ашылған «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің  төрағасы Премьер-министрдің болғаны – үлкен қолдау.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер