Қанатын кеңге жайған қазақ елі ислам әлемінде ерекше құрметке ие. Ғылым мен технология бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммитінің Астанада өтетіндігі – соның бір айғағы. Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад Ас-Сабах Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесуде осылай деді. Екі ел алыс-берісі мен барыс-келісін арттырып, екіжақты байланысты бекіте түспек.

 

АЛМАС ӘБДІРАМАНОВ, ҚР КУВЕЙТТЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Қазақстан мен Кувейт арасындағы қарым-қатынас жыл өткен сайын артып келеді. Оған мысал ретінде МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құруға қолдау жасап, Кувейт тарапы 10 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы құйғандығын айтуға болады. Бұдан басқа, тағы бірқатар салаларда бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр.

 

Сыртқы істер министрінің Кувейт әмірімен кездесуінде Ислам әлеміндегі Қазақстанның рөлі сөз болып, Астанада өтетін саммиттің мән жайы талқыланды.

 

ҚАЙРАТ САКИ, ҚР КУВЕЙТТЕГІ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІ УӘКІЛІ:

 - Біздің министр Қазақстанның ризашылығын білдірді Кувейт мемлекетінің Азық-түлік қауіпсіздік жөніндегі Ислам ұйымының жарғысын ратификациялаған үшін және басқа да салалардағы оң қарым-қатынасты атап өтті. Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне осы елдің қолауы үшін және бұл елде 18-19-шы жылдары тұрақты емес мүшелікке өтеді. Сонымен бірігіп жұмыс істеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Кувейт Премьер-Министрімен кездесуде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту, оның ішінде инвестиция тарту және исламдық қаржыланыру жүйесін жетілдіру мәселелері екжей-тегжейлі сөз болды. Әсіресе, қос тараптың экономикасы мұнайға негізделгендіктен ортақ мүдде өте көп. Екі ел арасындағы ерекше ұқсастықтың тағы біреуі - бейбіт әлем қалыптастыру бағытындағы игі ұстанымдары. Кувейт те араб елдеріндегі шиеленістерге, әсіресе, Йемендегі жағдайларға байланысты дербес бағдар ұстанып, бітімгершілікке шақыратын алаң ұсынып келген болатын. Сондықтан, Астанадағы Сирия келіссөздеріне үлкен қолдау білдірді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер