Қостанайлық  40-қа жуық   кәсіпорынның инвестициялық әлеуеті дипломатиялық корпус өкілдеріне паш етілді. Олардың 24-і жалпы сомасы 1 жарым трлн теңге болатын инвестициялық жобалар. Ұйымдастырушылар дипломатиялық бизнес-клубының отырысы қостанайлық компаниялардың әлеуетін көрсетіп, тауарды өткізу нарығын кеңейтеді деген ойда. Машина жасау және ауыл шаруашылығы салалары  басым бағыттардың бірі болып табылатын Қостанай өңірі экспорт көлемін ұлғайтуды қолға алған. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, жаңа нарықтар қарастырылуда. 

 

АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Бірінші –астық. 2 млн тоннаға дейін қуаттылығымыз бар экспортқа шығаруға. Сосын ұн. 2016 жылы біз 1 млн 107 мың тонна ұн шығардық. 80 пайызы экспортқа жөнелтілді. Енді экспорт әлеуетін арттыруымыз керек. Иран 80 млн халқы бар. Жерлері құнарлы емес. Қытайды, Сауд Арабиясын қарап жатырмыз. Сұйық май бойынша, Ресей.

 

Сондай-ақ, өңірде экспортқа бағытталған JAC (джак) электромобильдерін шығару көзделіп отыр. Қазірде өңірде индустриялық аймақ салынуда. Ол жерде көлік бөлшектерін шығаратын бірқатар зауыт пайда болады. Индустриялық аймақтың бірінші бөлігі биыл қолданысқа тапсырылмақ. Келер жылы екінші бөлігі іске қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер