Латвия Қазақстандағы жобаларға инвестиция құйып, біздің тауарларды импорттауға қызығушылық танытып отыр. Балтық елі ақпараттық технология, фармацевтика, туризм, сәулет пен дизайн, көлік пен логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Қазақстан мен Латвия арасында бұрыннан іскерлік байланыс бар. 2015 жылы екі жақты тауар айналым 150 млн АҚШ долларынана асқан. Оның ішінде 100 млн  АҚШ долларын экспорт құраса, импорт - 50 млн доллар.

 

АЛЕКСАНДР ПЕТРОВ, КӘСІПКЕР:

 - Біз қазақстандық кәсіпкерлерге өз тауарларын Еуропа нарығына шығаруға жағдай жасасақ дейміз. Бізде ондай мүмкіндік бар. Ал, Латвияны автохимиядан бастап, ауылшауашылық өнімдеріне дейін қызықтырады. Осының бәрін Еуропада саудалауға болады.

 

Инвестициялақ жобаларға тоқталсақ, Латвияда екі елдің бірлескен 33 кәсіпорыны жұмыс істейді. Ал Қазақстанда Латвия капиталымен 60 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

 

ГУНТАРС ПУПЕЛИС, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

 - Жоспарымыз ауқымды. Технологияны дамыту мен автоматтандыруға қатысты жобаларымыз бар. Сіздердің президенттеріңіз осы салаға аса мән беретінін байқадым. Біздің ойымыздың сәкес келгеніе қуанамын. Қазақстан болашақта Орта Азиядағы қаржылық және технологиялық орталық болып табылады. Оған біздің сеніміміз зор. Сондықтан, қазақ жерімен байланысты үзбейміз.  

 

Қазақстанның экологиялық таза өнімдеріне шығыстағы көршіміз – Қытайдың да сұранысы зор. Бейжіңде екіжақты инвестициялық ынтымақтастық пен Қазақстан бидайын жеткізу көлемін арттыру мәселесі қаралды. 2014-2016 жылдар аралығында еліміз аспан асты еліне 200 мың тонна астық пен ұн жөнелткен. Бұл көрсеткіш тағы өсуі мүмкін.

 

ЧЖОУ БАНЬШАН, ХЭНАНЬ АСТЫҚ ӨҢДЕУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС МЕНЕЖЕРІ:

 - Біздің компания Қорғаста жылына 100 мың тонна астық пен жем-шөп өңдейтін зауытты іске қосты. Ендігі мақсат  - Қазақстаннан жылына 150 мың тонна астық алу. Қазақстан астығына назар аударғанымызға екі жылдай болды. Өйткені сіздерде бидайдың сапасы жоғары. Табиғи таза ортада өсірілгендіктен, құрамындағы улы заттар төмен, тіпті жоқ десе де болады.

 

Қытай жыл сайын 117 млрд. АҚШ долларының азық-түлігін импорттайды. Елдің тұтынатын тамағының жартысы шеттен келеді. Осы ретте Қазақстанның үлесін арттыру көзделіп отыр.

 

БОЛАТХАН МАХАТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Елбасының қойып отырған үлкен бір мәселесі бар. Қазақстанға инвестиция тарту. Тек біржақты емес, мысалы өндіріске, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеп, тек шикізат ретінде сыртқа шығармай соны өңдеп сату мәселесі көтерілді.

 

Бейжіңдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша 4 құжатқа қойылды. Соның ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» әлемдегі өсімдік майын өндіретін бес ірі компанияның бірі саналатын «Wilmart»-пен (Уилмарт) өзара ынтымақтастық және сауда бойынша келісімшарт та бар. Азия-Тынық мұхиты азық-түлік қоры APOFCO (Апофко) да қазақстандық өнімді премиум класты тауар ретінде Қытай нарығына шығаруға мүдделі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер