Бизнес ахуал жаңа рейтинг бойынша бағаланбақ. Тың тәсілде, біріншіден, бизнес орта, ал, екіншіден, қаржы және адам ресурстары ескерілетін болады. Бұл елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнес үлесін кемінде 50 пайызға жеткізу мақсатында қолға алынуда. Мәселе өңірлердегі бизнес ортаны жақсартуға арналған жиында сөз болды. Елбасы өзінің биылғы жолдауында бұл міндетті 2050 жылға дейін орындауды тапсырған болатын. Жаңа рейтингтен бөлек, әкімшілік реформаларды азайтатын бірқатар иерформа жүргізу, мемлекеттік органдарға бизнес шығындарын азайту үшін бақылау жасау сынды шаралар жүзеге асырылмақ.

ЕРАЛЫ БЕКСҰЛТАНОВ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН

- Қазіргі таңда қазан айында жарияланатын «Doing Business» рейтингісіне мәліметтер жинақталуда. Мұнымен қоса, ел үкіметі 4 көрсеткіш бойынша 8 өңірдегі бизнес ахуалды зерттеуге кірісті. Есеп көктемде жарияланады деген жоспар бар.

Мамандардың айтуынша, басты мәселелердің бірі - шағын және орта бизнестің сауда мен қызмет көрсету саласына қызығушылық танытуында. Ал өнеркәсіптегі үлес бар болғаны 2,9 пайыз. Мамандар кәсіпкерліктің өндіріс пен өнеркәсіпке бет бұруы үшін бизнес ірі кәсіпорындармен ынтымақтасуы керек деген ойда.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер