Германия Қазақстанмен шағын және орта бизнес саласында тәжірибе бөлісуге дайын. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі барысында Бундестаг депутаты Сибилле Пфайфер мәлімдеді. Бүгінде Германияның жалпы ішкі өнімінің 80 пайызы шағын және орта кәсіпке тиесілі. Қазір бірқатар неміс компаниялары құрылыс, машина жасау, энергетика, металлургия және көлік логистикасы салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында қазақстандық тараппен келіссөз жүргізуде.

 

СИБИЛЛЕ ПФАЙФЕР, ГФР ПАРЛАМЕНТІ БУНДЕСТАГІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біздің IT технологиялар саласындағы тәжірибеміз зор. Сондықтан жеткен жетістігімізбен бөлісуге дайынбыз. Бұдан бөлек, фармацевтика мен медицина саласындағы табыстарымыз көп. Айта кету керек, мұндай тәжірибелер тек ірі концерндерде ғана емес, шағын және орта кәсіпорындарда да бар.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер