Бюджетке түсіп отырған салықтың ауқымы, экономикадағы ауыртпалықтарға қарамастан, өсіп жатыр. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында өсім 21 пайызға жетті. 8 айда бюджетке түскен салықтың ауқымы 4,15 трлн. теңге болды. Мемлекеттік бюджеттің кірісі 7,5 пайызға артты. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі, яғни 3,82 трлн. теңгесі салыққа тиесілі болды. Өсім 1,3 есеге артты. Өткен жылы аталған көрсеткіш 2,83 трлн. болды. Облыстар арасында Астана мен Алматы бірінші орындар тұр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер