Балық шаруашылығының өкілдері өндіріс ауқымын арттырып жатыр. Барлығы нарыққа құрылымдар 20,8 мың тонна өнім жеткізді. Жылдық өсім 40,8 пайызды еңсерді. Өңделген балықтың ауқымы 7,4 мың тонна, бұл 2015-тің қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 9,5 пайызға артық болды. Республикада өндірілген балықтың 40 пайызы Атырау облысына тиесілі. Барлығы аймақ 8 мың тонна өнімді нарыққа шығарды. Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер