Сауд Арабиясы халықаралық нарықтарда құны 17,5 млрд. доллар болатын мемлекеттік облигацияларын орналастырды. Бұл дамушы мемлекетердің арасындағы ең ірі шығарылым болып отыр, - деп жазды Bloomberg News. Патшалық алғаш рет халықаралық нарыққа шығып отыр. Себебі, 2 жылдық мұнай бағасының төмендеуінен кейін, бюджеттегі тапшылық өсіп кетті. Бұған дейін, Эр-Рияд 10-15 млрд. долларға қағаздарын сатады деп хабарланған еді. Бұрынғы рекорд Аргентинаның еншісінде, 16,5 млрд. доллар. Ол облигацияларын бір жыл бұрын орналастырған екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер