Жыл басынан Даму қоры Алматыдағы Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының аясында, 220 жобаның бастамасын қолдады. Өңдеу саласы мен өндіріс бірінші орында тұр. Кейінгі орындар қызмет пен сервиске тиесілі. Сұранысқа ие жобалардың арасында, сұлулық салоны, спорт залдары мен қонақ үйлер ерекше көзге түсті. 

 

Ирина Сагунова, фитнес клубының директоры

Әйелдер үшін, стрейч, пилатес пен йога маңызды болып отыр. Біз Даму қорымен 2014 жылдан бері қарай еңбек етіп келе жатырмыз. Қор бөлген қаржының есебінен біз сауна, бассейн мен екінші қабатты салып үлгердік. Осының арқасында, топтық сабақтарды ашып, бізге келетін адамдардың санын 40% арттырып алдық.

 

Тағы бір қызық жоба, көліктерге техникалық қызмет көрсету болып отыр. Қазір осы салада бәсекелестік жоғары. Себебі, кішігірім-жекеменшік компаниялардың саны көп. Десекте, мәдени нарықтың құрылымы жақсы жүріп жатыр.

 

Федор Омаров, жекеменшік кәсіпкер

Қазір адамдар бізге жиі хабарласатын болған, бір келгенде бірнеше проблемасын кешенді түрде шешіп алады. Десекте, жүйелі түрде өзінің темір тұлпарын күтіп отыратын адамдардың саны аз. Алайда, жылына бір реті, сервистік қызметтерді барлығы алады.

 

Сауда саласы тарапынан мемлекеттік несиелерге сұраныс артып отыр, - дейді сарапшылар.

 

Зарина Карменова, Алматы қаласының Даму КДҚ бас менеджері

Алматыда аталған сала жақсы дамып, қолдау тапты. 2015 жылдың наурызында біз қала басшылығымен ортақ меморандумға қол қойдық. Осылайша, Бизнестік жол картасы 2020-ға іліге алмаған кәсіпкерлер, Жібек жолы бағдарламасында бағын сынап көре алады. Осылайша, барлық салалардағы кәсіпкерлер мемлекеттік қаржымен қамтамасыз етілген дей аламыз.

 

Қазір Даму қоры, Алматы-Өнім бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Осы бағдарламаның аясында отандық азық-түлік өндірушілері несие ала алады. 

 

Сурет: Тоқтама.KZ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер