Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics компаниясы, Galaxy Note 7 телефондарының шығарылмайтындығын жария етті. Осыған орай, 2016 жылдың ІІІ тоқсанындағы компанияның кірісі төмен болады. Шілде-қыркүйек айларында Samsung-тың операциялық кірісі 7,8-ден 5,2 трлн. вонға төмендетілді. Бұл 4,62 млрд. доллар. Кірістілік 49-дың орнына 47 трлн. болады. Samsung акциялары 0,7 пайызға арзандады. Бұған дейін, 7 пайыздық төмендеу болған еді. Осылайша, құрылымның нарықтық бағасы 17 млрд-қа арзандаған. Galaxy Note 7-ні сатып алып, пайдаланып жүрген адамдарға оны өшіріп, уақытша пайдаланбауға кеңес берілді. 

 

Сурет: CNBC.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер