Ағымдағы жылы Қазақстан экономикасындағы несиелердің ауқымы қысқарып кетті. 2016 жылдың ақпан-тамызы аралығында екінші деңгейлі банктердің жиынтық несие портфелі 269 млрд. теңгеге төмендеп, 15,6 трлн-ды құрады, - деп хабарлады Kapital.kz Finprom.kz-тың сараптамалық орталығына сілтеме жасай отырып. Алайда, несие нарығындағы жағдай, өткен жылмен салыстырғанда әлде қайта жақсы болып отыр. Себебі, 2015 жылы несиелердің портфельі 2 есеге төмендеп, 608 млрд. доллар болған еді. Несиелер өсімінің қысқаруына, экономикалық өсімнің әлсіздігі әсер еткен. 8 айда банктер 6,3 трлн. теңгеге қарыз берді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8 пайызға артық. Халық және компания кірістерінің төмендеуіне байланысты, экономикалық өсім де бәсеңдеп жатыр. 

 

Сурет: Forbes

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер