Американың алюминийді өндіріп отырған Alcoa Inc. компаниясы 2016 жылдың ІІІ тоқсанында өзінің таза кірісін 3,8 есеге арттырып, $166 млн. жеткізді. Акцияға шаққанда бұл $0,33 тең. Өткен жылы таза кіріс 44 млн-ды құрап, акциялардың құны $0,06 бағаланған еді. Сарапшылар, биылғы кіріс акцияға шаққанда $0,35 болады деп болжаған еді. Ал, таза кіріс 135 млн болады деген еді. Операциялық кіріс $161 млн. болды. Шілде-қыркүйек айларында компанияның кірісі $5,22 млрд. дейін төмендеді, бір тоқсан бұрын аталған көрсеткіш $5,3 млрд болды. Жылдық көрсеткішкке шаққанда кірістілік ІІІ тоқсанда 6,5% төмендеген. 

 

Сурет: Forbes

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер