Қазақстандық емханалар әлемдік стандарттарға сай техникалық базаны ендіріп, отандық ем алушыларға жоғары сапалы қызметтерді ұсынып отыруға дайын. Қазір халық арасында жүрек-қан тамыр аурулары, травматология мен көз аурулары кеңінен тараған. Осы аурулардың алдын-алу үшін, білікті дәрігердің қызметінен бөлек, кәсіби құрылғылардың көмегі қажет. 

 

Сәуле Марденова, Медициналық орталықтың бөлім меңгерушісі

Бізге мемлекет жақсы қолдау көрсетеді. Алайда, өзіміз де ақылы қызметтерді көрсетіп отырамыз. Қолымыздан келгеннің, ұсақ-түйектің барлығын өзіміз сатып алып отырамыз.

 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ем алушылар, кейбір аурулар бойынша, тегін медициналық қызметтерді ала алады. Кейін, тізімде тұрып, қажетті қызметтерді қолданып жүруіне мүмкіндік беріледі.

 

Сәуле Марденова, Медициналық орталықтың бөлім меңгерушісі

Кепіл қызметі ретінде кез-келген адам, тегін мемлекеттік көмекті қолдана алады. Бұл отаның жасалуы мен өзге де қызметтер.

 

Қазақстанда ақылы қызметтерге сұраныс жоғары болып отыр. Қазір олардың құны, орташадан жоғары. Бірінші жарты жылдықта барлығы 238,7 млрд. теңгеге ақылы қызмет көрсетілді. ranking. Kz-тың хабарлауынша, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 19,2 пайызға артық. 

 

Сурет: Mail.Ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер