Apple 2015 жылы 215 млрд. долларлық кірісін офшорға өткізіп, 65,4 млрд. долларға салықты төлемеді. Ақпаратты The New York Times U.S. PIRG Education Fund-тың зерттеулеріне сілтеме жасай отырып таратты. Fortune 500-дің тізіміне кіріп отырған компаниялар триллиондаған долларлық салықтан жалтарды. 73% құрылымның офшорда компаниялары бар. Егер барлық компаниялар әділетті саясатты жүргізетін болса, елдің бюджеті 718 млрд. долларға толығып кетер еді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2015 жылғы АҚШ бюджетінің тапшылығы 438 млрд. долларға жетті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер