Қазақстандықтар Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын белсене қолдап отыр. ranking.kz-тың хабарлауынша, І тоқсанның аяғында бағдарламадағы жеке кәсіпкерлердің үлесі 15 пайызға жетті. Сондай-ақ, HeadHunter Қазақстан компаниясының зерттеулеріне сүйенер болсақ, 1 жұмыс орнына тиесілі жұмыс іздеушілердің саны артты.

 

Нина БЫЧЕНКО, HEADHUNTER ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жаз айларындағы тыныштықтан кейін, қыркүйекте белсенділік байқалды. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің белсенділі артты. Бір жұмыс орнына тиесілі адамдар санының артқандығын көріп отырмыз. Өткен жылы бір орынға 1,8 жұмысшыдан тиесілі болса, биыл аталған көрсеткіш 3,5-ті құрап отыр. Бұл елдегі жұмыссыздықтың артып отырғандығын білдірмейді. Жай ғана ғаламтордың көмегімен жұмыс іздейтіндердің саны артып кетті.

 

Жұмыс іздейтіндердің 19 пайызы сауда саласынан. Топ-5-ке есепшілер, әкімшілер, маркетолтогтар, Айта саласының қызметкерлері мен телеком кіріп отыр.

 

Нина БЫЧЕНКО, HEADHUNTER ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Мен Қазақстандағы орташа айлықтың ауқымын бақылап жүремін, қазір ол 120 мың теңгенің шамасында. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Астанадағы жалақы 150 мың теңге. Ең аз айлық 50 мың теңге. Бұл Астана мен Алматыда емес.

 

Жұмыс іздеушілердің арасында, жас мамандар, шикізат саласы, басшылар, заңгер мен есепшелердің арасында бәсекелестік жоғары болып отыр. 

 

 

 

Сурет: altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер