2016 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстанның қайта өңдеу саласында 579,5 мың адамның еңбек етіп жүргендігі белгілі болды. Бұл 2019 жылға дейін жоспарланған, мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасының көрсеткіштерінен әлде қайта жоғары болып шықты, - деп хабарлады energyprom.kz порталы. Ең белсенді өсім, Астана қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелді. Сәйкесінше, 83,3%, 73,7% және 71,6% пайыз. Елдегі еңбекке қабілетті халықтың 6,8 пайызы өңдеу саласында жұмыс істеп жүр. 2012 жылы аталған көрсеткіш, 6,4 пайыздан аспаған еді. Естеріңізге сала кетсем, мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына қосымша 112 млрд. теңге бөлінген еді. Бұл жайында қыркүйектің 9-ында елбасының хабарламасына сілтеме жасай отырып, БАҚ-ы хабарлап өтті. 

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер