Қазақстанның ұлттық банкі 2016 жылдың 8 айына қысқаша экономикалық шолу жасады. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында қысқамерзімді экономикалық индикатор өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеді. Индикатордың төмендеуі өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуімен, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінің, көтерме сауда мен байланыстың төмендеуімен байланысты. Реттеушінің айтуынша, 2016 жылғы қаңтар-тамыз аралығында өңдеу саласының, ауыл шаруашылығының, құрылыс пен көлікте өсімнің жалғасуы байқалды. Негізгі капиталға инвестиция өсімінің бәсеңдеуі аңғарылған. 2016 жылғы І жартыжылдықта ЖІӨ 19,4 трлн. теңгені құрап, 2015 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Тауарлар өндірісі 0,2%-ға қысқарды, ал қызметтер өндірісі өзгеріссіз қалды, дегенмен өнім салықтары 3,5%-ға өсіп отыр. Тауарлар және қызметтер өндірісінің ЖІӨ-дегі үлесі 2016 жылғы 1 жартыжылдықта сәйкесінше 35,4% және 58,2% құрады, деп жазылған реттегіштің сайтында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер