Қазақстандықтар биыл онлайн-сатылымдар бойынша белсенділіктерін екі есеге арттырды. 2016 жылдың 7 айында интернет-ресурстар арқылы транзакциялар саны 2 есеге – 16,7 млн бірлікке өсті. Ranking.kz аналитикалық порталының хабарлауынша, қаржы секторы бір орында тұрмай, онлайн сауданың бәсекелі нарығында өз позициясын нығайтуда. Егер 2010 жылдардың басында интернет-банкинг бойынша ұсыныстар бөлшек сауда тұтынушылары үшін оншақты банктен аз болса, қазіргі кезде 34 ЕДБ-тің 23-і  клиенттеріне өз шоттарын қолма-қол ақшасыз төлеу және интернет-ресурстар арқылы сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Интернет-банкингтің танымалдығы артқан сайын қазақстандықтар арасында төлемнің орташа чегі де өсуде. Осы жылдың қаңтар-шілдесі аралығында онлайн-төлемнің орташа мөлшері 8,1 мың теңгені құрады. Бөлшек сауданың онлайн-банкинг нарығының жалпы көлемі 136,7 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер