Қазақстан 2016 жылдың қаңтар-маусымында дайын өнімдер экспортын 7,4%-ға, яғни $197,7 млн-ға дейін арттырды, деп хабарлайды КазТАГ ҚР ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Экспорт құрылымында  шикізатқа жатпайтын тауарлар үлесі өскен. Азық-түлік өнәркәсібінің жоғары өңдеуден өткен өнімдер экспорты да ұлғайып отыр. Осы позициялар бойынша дайын өнімдер экспорты 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы $184,1 млн көрсеткішінен осы жылдың қаңтар-маусымында $197,7 млн-ға дейін өскен, осылайша жалпы экспорттың үлесі 0,7%-дан 1,2%-ға дейін артты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер