Қазақстанда осы жылдың қаңтары-шілде айларының аралығындағы кезеңде газ күйінде және мұнайдың ілеспе газы түрінде 27 млрд. текше метр табиғи газ өндірілді. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз, деп жазады Energypron.kz порталы. Аталған көлемнің 11,96 млрд. текше метрі - газ күйіндегі көгілдір отын,  бұл былтырмен салыстырғанда 4,5%-ға аз. Ал 14,7 млрд. текше метрі - мұнайдың ілеспе газы, сәйкесінше, өткен жылғы көлемнен 3%-ға көп. Есептік кезеңде 7,2 млрд. текше метр тауарлы газ өндірілген. Бұл 2015 жылдың қаңтар-шілдесіндегі мөлшерден 3,8%-ға көп.

 

 

 

Сурет: www.easttime.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер