Тамыз айында ҚХР ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының табысы 19,5%-ға өсті. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік статистика бюросы хабарлады. Шілдеде Қытайдың ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының табысы 11%-ға өсіп, 523 миллиард юаньды немесе шамамен 79 миллиард АҚШ долларын құрады, деп жазады Прайм порталы. ҚХР мемстатбюросының мәліметтеріне сүйенсек, өнеркәсіптік өндіріс өнімдері саудасының артуы, бағаның өсуі, бір дана өнімді өндіруге жұмсалатын шығынның азаюы, машина өндірісі, болат балқыту өнеркәсібінің және мұнай өңдеу салаларының дамуы сияқты жағдайлар кәсіпорындар табысының өсуіне ықпал еткен. 

 

 

 

Сурет: www.aif.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер