Американың Pfizer Inc фармацевтика компаниясы бизнесін жақын арада екі бөлек құрылымға бөлмейтін болды, деп хабарлайды Вести Экономика. Сарапшылардың айтуынша: «Мұқият бағамдаудан кейін директорлар кеңесі және атқарушы басшылық компанияның қазіргі құрылымдағы жағдайы жақсы деп шешті және қазіргі кезде Pfizer Innovative Health және Pfizer Essential Health деп екі бөлек бұқаралық сауда компаниясына бөлмейтін болды», - делінген компания мәлімдемесінде. Сондай-ақ Pfizer мәлімдемесінде бұл шешім 2016 жылға компанияның болжамына әсер етпейтіні айтылған. Дегенмен Pfizer компанияның болашақта екі бөлек құрылымға бөлінетінін жоққа шығармайды.

 

 

 

Сурет: www.sandiegouniontribune.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер