2016 жылдың шілдесінде өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда бөлшек сауданың физикалық көлемде 0,1%-ға артқаны байқалды. Шілде айында ақшалай түрде 666 млрд теңгені құрады. Бұл - 2016 жылдың басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды Ranking.kz порталы. Алты айдағы тұтыну бағаларының индексі 117,7% құрады, қаңтар-тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 117,6% құрады. 2016 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейінгі кезеңде бөлшек саудадағы сатылымының елеулі үлесі немесе 29% Алматы қаласына тиесілі, Астана 11%-бен екінші орында. Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстары барлығы 24% құрайды. Қалған 36% өзге аймақтарға тиесілі. 

 

 



Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер