Әлемдік мұнай нарығына осы айда тәулігіне 800 мың баррелден асатын мұнайдың қосымша көлемі құйылды. Бұған Ливия мен Нигериядағы шикізат өндіру және жеткізудегі іркілістердің жойылуы, және Ресейдің мұнай өндіруді рекордтық деңгейге дейін өсіруі себеп. Осының арқасында Халықаралық энергетикалық агенттік тәулігіне 400 мың баррель деп бағалап отырған жаһандық ұсыныстардың артылуы үш есеге дейін өсуі мүмкін. 2017 жылы артылу сақталып қалмақ. Сауд Арабиясы қара алтын өндіруді рекордық деңгей шамасында қалдыруды қолдайды. Иран мен Ирак бұрын жоғалтып алған көлемін қалыпқа келтіруде. ОПЕК-ке кірмейтін елдер төмен бағаға бейімделуге тырысуда, деп хабарлайды ХЭА. Егер ОПЕК шара қабылдамаса, бағаны барреліне $40-дан жоғары ұстап тұру оңайға түспейді, дейді Citigroup Inc сарапшылары.

 

 

 

Сурет: www.houstonchronicle.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер