Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуына алып келген референдумнан кейін елдегі қаржы менеджменті саласындағы бос орындар саны 10,1%-ға қысқарды. Вести Экономика басылымының хабарлауынша, осындай бос орындар саны елдің барлық дерлік аймақтарында шілде-тамыз айларында азайып кетті. Өйткені Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуына қатысты ахуал еңбек нарығындағы сенімділікті төмендетті. Қоғамдық-саяси зерттеулер институтының зерттеулері осылай дейді. Лондонда әкімшілер, менеджерлер мен атқарушы директорларға ұсынылатын бос орындар 13,6%-ға төмендеген. Басқа елдерге келетін болсақ, қаржы менеджменті саласында бос орын іздеушілер саны Дублинде 800%-ға өсіп кеткен, деп хабарлайды Manpower компаниясы.

 

 

 

Сурет: www.expat.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер