Мысыр италиялық Eni және британиялық BP компанияларымен Нил өзенінің сағасынан мұнай мен газ барлау және өндіру туралы үш келісімге қол қойды, деп хабарлайды елдің мұнай мен табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған mfd.ru. Осы келісімшарттар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 595 миллион долларды құрайды. Жалпы, соңғы үш жыл ішінде Мысыр елі көмірсутекті барлау жұмыстарына халықаралық компаниялармен 70 шақты келісім жасаған екен, олардың жалпы инвестициялар көлемі 15 миллиард долларды құрайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер