Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларының сыйақысы 2016 жылғы қаңтар-шілде ішінде 29,2 млрд теңгені құрады – бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,2% артық. Осы кезеңдегі сақтандыру төлемдерінің өсуі 33,9%, құрады, көлемі 13,2 млрд. теңгеге жеткен, бұл сыйақылардың жалпы көлемінің 45,4% тең. Былтыр бұл көрсеткіш 42,8% болған еді, деп хабарлайды ranking.kz. Көлік құралдары иелерінің АҚЖ ерікті түрде сақтандыру сыйақысы 2016 жылдың жеті айында 15,4%-ға артқан. Осы кезеңде сегменттегі сақтандыру төлемдерінің көлемі бірден 43,6%-ға артты, яғни 46,7 млн теңгеге жетіп, жиналған сыйақылар жиынтығының 11,2% құрап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер