Жапония еңбекақының өсіміне қол жеткізе алмауда. Вести Экономика ақпараттық порталының ХВҚ баяндамасының мәліметтеріне сүйене отырып хабарлауынша, Жапонияда 1995 жылдан бері еңбекақы 0,3%-ға артқан. 2015 жылы Toyota автоөндірушісі өз жұмыскерлерінің «базалық» ақысын 1,1%-ға ғана өсірді. Жапонияның Keidanren бизнес федерациясының (құрамына елдің ірі корпорациялары кіреді) 219 компаниясындағы орташа еңбекақы өсімі 0,4% құрады. Десек те Жапония үлкен көлемдегі қолма-қол ақшаға ие: шамамен 3777 трлн иен (($3,7 трлн), деп жазады британдық The Economist журналы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер