Қазақстанның алтын-валюта қоры 2016 жылғы тамызда 30,71 млрд. долларға жетті. Ұлттық қордың активтері - 64,8 млрд. доллар. Ол туралы finprom.kz талдамалы порталы хабарлайды. Статистика бойынша – бұл 2012 жылғы шілдеден бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылардың айтуынша, қор активтерінің жай-күйіне көбіне өткен жылдың тамыз айында ұлттық валютаны еркін айналымға жіберу оң әсер еткен. Интернет портал– ағымдағы жылы алтын бағасының өсуі елдің алтын-валюта қорларының артуына ықпал етті деп отыр. Атап айтқанда, алтындағы қор активтері өткен жылдың қорытындысы бойынша  10,3 млрд. долларды құраған , жылдың басына қарағанда 36,1% көп.

 

 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер