Еуропалық орталық банк рекордтық қарқынмен корпоративтік облигацияларды сатып алуды арттырды, деп мәлімдейді РИА Новости Financial Times-ке сілтеме жасай отырып. Реттегішпен 2,7 миллиард евро сомаға қағаздар сатып алынды, бұл алдыңғы аптаның көрсеткішінен 11% -ға көп. Қазіргі уақытта бұл – маусымда корпоративтік облигацияларды сатып алу бағдарламасы басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Ол іске қосылған сәттен бастап ЕОБ 25,6 миллиард евроға дейінгі сомаға корпоративтік облигациялар сатып алды. Осы бағдарламаны іске қосу туралы шешім наурызда еуроаймақта инфляцияны ортамерзімдік келешекте 2%-дан сәл төмен деңгейге қайтару мақсатымен қабылданды. Реттегіштің соңғы болжамы бойынша, еуроаймақтағы инфляция 2016 жылы 0,2%, ал 2017 және 2018 жылдары - 1,2% және 1,6% құрайтын болады, деп мәлімдейді РИА Новости.

 

 

 

Сурет: www.flux24.ro

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер