Тұрақты үкіметтің жоқтығы Испанияға ЕК бюджет тапшылығын қысқарту бойынша талабын орындауға мүмкіндік бере алатын 2017 жылға бюджетті қабылдауға кедергі келтіреді, деп хабарлайды mfd.ru порталы. 15 қазанға дейін үкімет премьердің міндетін атқарушы Мариано Рахояға мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша 2017 жылға арналған жоспарды тапсыруы қажет, онда ЕО талаптарына сәйкес бюджет тапшылығын азайту үшін Испания  міндеттелген шараларды ескеруі тиіс. Егер бұл жасалмаса, Испанияны ЖІӨ 0,5% мөлшерінде (5 миллиард еуро) айыппұл күтуі мүмкін. Бұдан басқа млрд. еуродан астам қаражат жинақталған құрылымдық қорлардың бұғатталуы ықтимал. Алайда Еурокомиссия 2016 жылға арналған бюджет Испаниядағы саяси дағдарыс жағдайында 2017 жылға да созылуы мүмкін деп айтқан болатын.

 

 

 

Сурет: www.exocur.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер