2016-шы жылдың қырқүйегінде АҚШ-тағы тұтынушылық сенім индексі тамыздағы көрсеткіш - 89,8 тармақ деңгейінде қалды. Осы көрсеткішті есептейтін Мичиган университетінің мәліметтерінде осылай делінген. Bloomberg сауалнама жүргізген сарапшылар индикатордың 90,6 тармаққа дейін артатындығын болжаған еді. Вести Экономика интернет порталының хабарлауынша, америкалықтардың ортамерзімді келешекке инфляциялық болжалдары қыркүйекте тамыздық деңгей 2,5%-дан 2,3%-ке дейін төмендеген. Ұзақ мерзімді келешекте (5-10 жыл көкжиегі) АҚШ тұрғындары бұрынғыдай 2,5% деңгейіндегі инфляцияны күтуде.

 

Сурет: www.rbc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер