S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Ресейдің несиелік рейтингі бойынша болжамын «жағымсыздан» «тұрақтыға» өзгертті, деп хабарлайды vestifinance.ru. Ресейдің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді несиелік рейтингі бұрынғысынша «инвестициялық» деңгейден бір сатыға төмен "BB+" деңгейінде қалды. S&P нұсқасы бойынша, Болгария мен Индонезияға осындай рейтинг беріліп отыр. Америкалық агенттіктің сарапшылары алдағы жылдары Ресейдің ЖІӨ оң қарқын көрсетіп, мемлекеттік қарыз төмен деңгейде қалады деп болжайды. 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер