2016 жылы жұмыспен қамту картасы және Бизнестің жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті ынталандыруға 32,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Осының арқасында байланысты, 4,5 мыңға жуық жеке бастамаға қолдау көрсетіліп, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды BNews.kz, ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып. 2016 жылы бизнесті ынталандыру үшін Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының қаражаты есебінен шамамен 575 млрд теңге қарастырылды. Оның 333 млрд теңгесі Екінші Деңгейлі Банктер мен қаржы институттарына орналастырылып, сол қаржыдан кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге 141 млрд теңге бағытталды. Қаражат инфрақұрылымды жасауға, жаңа инвестициялық жобаларды несиелендіруге, айналым капиталын және экспорттық операцияларды қаржыландыруға, заемдарды қайта қаржыландыруға берілді.

 

Сурет: thedb.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер