2016 жылы Қазақстанда құрылыс көлемі 6,7%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап inform.kz хабарлайды. Ресми статистикаға сәйкес, қаңтар-тамызда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14%-ға, 6,37 млн шаршы метрге дейін артты. Тапсырылған көп пәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданы 26,7%-ға, 3,1 млн шаршы метрге дейін артса, қолданысқа берілген жеке тұрғын үйлердің ауданы 4%-ға өскен. Министрліктегілердің түсіндіруінше, саладағы оң серпін мемлекеттік қаражаттың есебінен сақталып отыр, сол мемлекеттік қаражатқа 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынған.

 

Фото: chastnik.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер