Әлемдік Орталық банктер америкалық қарыз қағаздарын сатуға қызу кіріскен. Вести Экономика порталының хабарлауынша, өткен аптада «трежерис» көлемі $27,5 млрд-қа қысқарды, және бұл - 2015 жылғы қаңтардан бергі ең күшті апталық құлдырау. Сарапшылар айтқандай, қазіргі уақытта орталық банктер АҚШ Федералдық резерві шотында $2,83 трлн ұстап отыр, бұл 2012 жылдан бергі ең төменгі деңгей болып есептеледі. Ең көп сатқан - Қытай елі. Шілдеде Бейжің бірден $22 млрд. сатқан. Бұған бірнеше жағдай әсер етіп отыр. Мысалы, аспанасты елінде трежерис сатылымдары девальвацияны тоқтатуға көмектессе, Сауд Арабиясында америкалық қағаздар бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сатылады, деп хабарлайды vestifinance.ru порталы. 

 

 

 

Сурет: www.uralskweek.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер