Халықаралық валюта қоры Грекия үкіметімен еңбек нарығы реформасы бойынша келіссөз пікірталасқа толы болатынына дайын. Бұл туралы қор өкілі Джерри Райс тұрақты брифингте хабарлады. Осыған дейін Грекияның еңбек министрі Йоргос Катругалос ЕО және ХВҚ шенеуніктерімен келіссөз қарсаңында үкімет дотацияларды қысқартуға келіскендігін, бірақ жұмысшылардың құқықтарын әрі қарай нашарлатуға ол келіспейтіндігін айтты. 

 

Сурет: korrespondent.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер