АҚШ Әділет министрлігі, 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының себебіне айналған, қаржыгерлердің ипотекалық қағаздармен әрекеттеріне қатысты ведомство тергеуін жабу үшін Deutsche Bank ірі неміс банкіне 14 миллиард доллар төлеуді ұсынды, деп жазады Wall Street Journal газеті. Америкалық тарап бұл алдын ала сома деп отыр. Deutsche Bank өкілдері бұл ақпаратты қуаттап, банкке жауап ұсыныс жасау жоспарланып отырғанын жеткізді. "Deutsche Bank дау-дамайды аталған сома төңірегінде реттеу бағытында келісім жасауды жоспарлап отырған жоқ. Келіссөз енді басталды", — деп хабарлады банк. Басылымның айтуынша, Deutsche Bank заңгерлері мәміле сомасы 2-3 миллиард долларды құрауы мүмкін деп жорамалдап отыр.

 

Сурет: news-front.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер