РФ Федералдық кеден қызметінің деректеріне сүйенсек, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында Ресейге 147 800 жеңіл автокөлік импортталған. Бұл осының алдындағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,2%-ға аз. Небары жеті айдың ішінде Ресейге жалпы құны 3,2 миллиард доллардың жеңіл машиналары жеткізілген. Соның ішінде, 3,1 миллиард долларға 143 200 автокөлік – алыс шет елдерден және 82 миллиона долларға 4 700 машина – ТМД елдерінен. Ресейге жеті ай ішінде 9,7 мың жүк машинасы импортталған, бұл жердегі төмендеу 9,5%-ға тең. Жеткізілімдердің жалпы сомасы 495,5 миллион долларды құрады. 

 

Сурет: autond.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер