Тамыз айында Қытайлық экспорт 2,8 пайызға төмендеп кетті. Импорт 22 айда алғаш рет, 1,5 пайыздық өсімді көрсетті. Ақпаратты ҚХР-сының кедендік бақылау қызметінің өкілдері таратып отыр. 2 көрсеткіште сарапшылардың болжамдарынан әлде қайда жақсы болып отыр. Себебі, олар экспорт 4, импорт 5 пайызға төмендейді деп болжаған екен. Шілде айында елдегі экспорт 4,4, импорт 12,5 пайызға төмендеді. Сауданың оң сальдосы тамыз айында 52 млрд. доллардан асты, сарапшылар 58 млрд-ты болжаған екен. Сыртқы сауда, 2015-тің тамызымен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеп, 329,1 млрд. доллар болды. Сәуір айында, елдің мемлекеттік кеңесінің өкілдері сыртқы сауданы қолдау үшін бірқатар шараларды жасақтаған еді. Олардың арасында, экспортты қолдау бар. Олардың салықтары қайтарылып отырады. 2015 жылы Қытайдың сыртқы сауда көрсеткіштері 3,9 трлн. долларға жетті. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер