Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы $1,3 млрд. төмендеп кетті - Kazakh TV

8 айда Тәжікстан 2 млрд. 545 млн. долларға сауда жасады, 2014 жылы ат алған көрсеткіш 4 млрд-қа жақын еді, - деп хабарлайды елдің статистика қызметіне сілеме жасай отырып «Азия-Плюс» агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, елдің сыртқы саудасы ағымдағы жылы 7,5 пайызға қысқарып кетті. Импорт 9 пайызға құлдырады. Бұған, ағаш өнімдері, көлік, минералды тыңайтқыштар мен дайын азық-түліктер импортының төменденуі әсер етті. Сондай-ақ, мақта-шикізаты, асыл және жартылай асыл тастар мен өсімдік өнімдері экспортының төмендегендігі әсер етті. Елдің негізгі сауда әріптестері өзгерген жоқ. Ресей мен Қытай. Аспан асты елімен Тәжікстан 620 млн. долларға сауда жасаса, Ресеймен 660 млн. долларға сауда жасаған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер