Әлемдік аты бар, көп бағытта еңбек етіп жүрген, General Electric компаниясы 3D-форматында құрылғыларды басып шығаратын 2 компанияны 1,4 млрд. долларға сатып алды. Біріншісі шведцияның Arcam AB-сі. Ол ұшақтар үшін қажет болатын құрылғыларды 3D-форматында басып шығарады. Екіншісі, германияның SLM Solutions Group тобы. Олар медициналық жабдықтарды шығарып отырады. Компания әуеғарыш, қуат және көлік салалары компанияларының басшылығынан тапсырыстарды алып отырады. Денсаулық сақтау компаниялары да шет қалған жоқ. 2010 жылдан бері қарай, GE 3D-технологияларына 1,5 млрд. доллар инвестиция салып үлгерді. 

 

Сурет: biz.liga.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер