Тамыз айында Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 11 пайызға артып кетті. Шілде айында керсінше, 17 пайыздық төмендеу байқалған екен. Ақпаратты Аспан асты елінің кедендік бақылау қызметі таратты. Шілде айында екі ел арасындағы тауар айналымы 5,7 млрд долларға жеткен. Тамыз айында, Қытайлық экспорт 4,1, Ресейлік импорт 2,7 млрд долларды құрады. Қаңтар-тамыз айларының аралығында Қытай мен Ресей арасындағы тауар айналымы 44,3 млрд. долларға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1 пайызға артық. Осы уақыт аралығында қытайлық экспорт 8,7 пайызға артса, ресейлік импорт 6,5 пайызға қысқарды. 2015 жылы қос ел арасындағы тауар айланымы 28,5 пайызға қысқарып, 68 млрд. долларға жетті. 

 

Сурет: ria.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер